Бұл жағдайды суретке түсіріп алған автордың айтуынша, «Зейнеп-Амина және балапандар» балабақшасында ыдыс-аяқтарды дәретхана табағының қасына қояды екен. Ол ғана емес, азық-түліктерді де сонда сақтайтын көрінеді.
«Мынау "Зейнеп-Амина балабақшасының әжетхана бөлмесі. Менің жиенім осы балабақшаға барады. Өздеріңіз көріп отырғандай, ыдыстарды унитаздың жанында жуады екен. Азық-түліктерді де сол бөлмеде сақтайды. Бұл жәйттен балабақшаға балаларын апарып жүрген ата-аналар хабарларыңыз бар ма?» — деп жазады автор.
Бірақ бұл жазбаны көрген басқа ата-аналар «Зейнеп-Амина және балапандар» балабақшасының таза, әрі жақсы екенін айтуда.