Б. Құсайынов: Кедендік одақтан кереметті күтпей-ақ, интеграцияны аша түсу керек - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б. Құсайынов: Кедендік одақтан кереметті күтпей-ақ, интеграцияны аша түсу керек

Б. Құсайынов: Кедендік одақтан кереметті күтпей-ақ, интеграцияны аша түсу керек

1 шілдеде құрамына Қазақстан, Ресей және Беларусь кірген Кедендік одақ жұмысын бастағалы дәл бір жыл толады. Оның республикаға берері қандай деген мәселенің төңірегіндегі айтылған пікірлер сан алуан. Баз біреулері тәуелсіздік шектеледі, отандық тауар өндірушілерде күштірек ресейлік экономикаға тәуелділік күшейеді деп алаңдайды. Басқалары интеграцияның жемісін жей қаламыз деп үміттенеді. Ал интеграцияның өзін әлі баптап, өсіру керек қой.

  • 30 Маусым 2011
  • 841
Фото - Caravan.kz

Осыларға қатысты мәселерге байланысты танымал экономист, экономика ғылымдарының докторы Болат Хусаинов агенттік тілшісіне берген сұхбатында ой бөлісті.

— Жақында Санкт-Петерборда өткен халықаралық экономикалық форумда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Кедендік одақ мемлекеттері кедендік ортақ территория ішінде де, және оның сыртында да бірыңғай (үйлестірілген) сыртқы сауда саясатын ұстануы тиіс» деген идея айтты. Сіз бұған қатысты не ойлайсыз?

— Аталған идеяға үмітпен қараймын. Ол дер кезінде айтылған идея. КО мемлекеттері үшін бұл өте өзекті проблема. Бұл сауда саясатының экономикалық өсуді ынталандырар маңызды тетік екендігімен, ал шаруашылық байланыстарға интеграциялану – дамудың қажет шарты болып табылатындығымен түсіндіріледі. Ал бұл ретте КО мемлекеттерінде де, ТМД мемлекеттерінің барлығында да, қазіргі кезде халықтың әл-ауқатын көтеретіндей лайықты сауда саясаты жоқ.

Оның үстіне біздің мемлекеттердің даму деңгейі әр келкі, ұлттық экономикаларының экспорттық секторының бәсекеге қабілеттілігі әр деңгейде. Экономикалық даму деңгейін салыстырғанда, сатып алу қабілетімен (САҚ) есептелген жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) көрсеткішімен салыстырған дұрыстау болады. Халықаралық валюта қорының бағалауынша 2010 жылы бұл көрсеткіш Қазақстанда — $12 603, Ресейде – $15 837, Беларусияда – $13 909 болыпты.

Біздің үш мемлекеттің жиынтық үлесі дүниежүзілік жалпы өнімде САҚ бойынша 3,45%, ал әлемдік экспортта одан да аз — 3,02% екен. Әрине, біздің экономикаларымыздың ғаламдық көрсеткіштерге қосатын үлесін арттыру керектігі айдан анық. Ал оған КО мемлекеттерінің бірыңғай сыртқы саясатын үйлестіріп алмай қол жеткізу мүмкін емес. Айтпақшы, Еуроодақ елдері ондай ұстанымдарды дайындауға ондаған жыл жұмсады. Басқа мысал. Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың құрылғалы 10 жылда Ресейге экспорттық жеткізілімдер үлесі айтарлықтай қысқарды. Ал интеграциялық бірлестікке қатысушы мемлекеттердің (біздің үш мемлекеттен басқа оған Қырғызстан мен Тәжікстан да кіреді) ең басты сауда серіктесі дәстүрлі түрде Ресей болып табылады. Қазақстаннан Ресейге экспорт үлесі 92,0%-дан 80,6%-ға дейін қысқарса, Беларусиядан Ресейге 99,0%-дан 94,3%-ғ,а қысқарды. Бұл бірыңғай сыртық сауда саясатын кедендік территория ішінде де, сыртында үйлестіру керектігінің екінші себебі.

— Сіз КО мемлекеттерінің экспорттық тауарларының бәсекелестік қабілеті туралы айтып кеттіңіз, осы экономикалық проблема туралы ойыңызды тарқата түссеңіз…

— Әңгімені мен, әріптестеріммен бірге КО мүше-мемлекеттерінің сауда саясаты проблемасына қатысты зерттеулерді аяқтағанымнан бастағым келіп отыр. Ол зерттеулер Еуразиялық даму банкінің техникалық қолдауы арқасында іске асырылды. Ол жобаның бір қыры — Қазақстан, Ресей мен Беларусияның экспорттық секторының бәсекеге қабілеттігін бағалау болды. Бағалау Лафей коэффициентіне негізделді. Ол экспорттық тауарлардың жалпы әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттігінің деңгейін көрсетеді.

Біздің үш мемлекет үшін сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнім «минералдық отын, мұнай мен оны өңдеу өнімдері» тауар тобы екендігі көрініп тұр.

Соңғы бес жылда Қазақстанның бәсекеге қабілетті тауарлары 22 позициядан тұрады (сыртқы экономикалық қатынастың тауарлық номенклатурасының — СЭҚ ТН — төрт таңбасы бойынша), олардың арасында ең жоғарғы деңгей шикі мұнайға сай келеді. Қазақстан шикі мұнай экспортері бола отырып, әлемдегі көмірсутектерінің экспорттаушылардың арасында 18-ші орын алады (дүниежүзіндегі нарықтың 3,6% үлесін). Мыс кені мен концентраты, хром кені мен концентраты, радиоактивті элементтер, химиялық және радиоактивтік изотоптар, шойын, болат, ферроқорытпа, мыс қорытпалары мен таза мыстың да бәсекеге қабілеттігі жоғары.

Әлем нарығында бәсекелестікке қабылеттілік қазақстандық астықта, қымбат және жартылай қымбат тастарда бар. Оған қосарым, ұн экспортынан Қазақстан әлемде көшбасында, ғаламдық нарықтың 17-18% үлесін алып отыр.

Ресейде 18 тауар позицияларының арасында (СЭҚ ТН 4 таңбасы бойынша) бәсекелстікке қабілеттіліктің ең жоғарғы деңгейі «минералдық отын, мұнай мен оны өңдеу өнімдерінің» экспортында, бірінші кезекте «битуминоздық минералдардан өндірілген шикі мұнай мен шикі мұнай өнімдерінің» жеткізілімінде екен. Шикі мұнай экспортынан Ресей соңғы жылдары Сауд Арабиясынан басып озып, әлемдегі көшбасында келеді. Ал оның ғаламдық нарықтағы үлесі 10-11% болады. Ресейлік тыңайтқыштардың, ағаш пен одан жасалған өнімдердің, ағаш көмірінің, қара және түсті металлдардың, өңделген және өңделмеген алмас пен басда бірқатар позициялар бойынша экспортында бәсекеге қабілеттілігі анық.

Беларусияда 18 тауар позициясының арасында (СЭҚ ТН 4 таңбасы бойынша) бәсекеге қабілеттіліктің ең жоғарғы деңгейі мұнай өнімдері экспорты мен бірінші кезекте дистиляттарға тән. Әлем нарығында бәсекеге қабілеттілік тыңайтқыштардың, азық-түлік тауарларының, атап айтқанда, ет пен тағамдық өнімдердің, сүт пен қоюланған қаймақ, өсімдік майы, ірімшік пен сүзбе экспортында байқалады. Әлем нарығында бәсекелестік позицияны жерде жүретін көліктер (тракторлар мен жүк көліктер), химия өнімдері (еріткіштер мен сұйытқыштар), жиһаздар, ағаш пен одан жасалатын өнімдер, тоқыма өнімдері алады.

Бір айта кетерлігі, 2006-шы жылдан бастап, беларусьтық азық-түліктің экспорттық жеткізілімдері Қазақстан нарығында күрт өсті. Ал бұған дейін ол нольге жақын еді. Мысалы, сүт пен қоюланған қаймақ жеткізілімінің жеке салмағы (Беларусиядан Қазақстанға экспорттың жалпы көлемінде) соңғы бес жылда 2,7-ден 7,2%-ға, қант — 0,6-дан 16,6%-ға, қаймақ майы мен тоң майлары — 0,5-тен 4,2%-ға артты. Ірімшік пен сүзбе, ет өнімдері мен басқа да азық-түлік өнімдерінің импорттағы үлесі айтарлықтай артты.

— Келтірілген статистика біздің республикада азық-түлік импортының айтарлықтай артқанын көрсетеді. Азық-түлік бағасының қымбаттауы осыдан емес па екен?

— Сөзсіз, қазақстандық нарықта азық-түлік импортының басымдығы таң қалдырады! Бірақ оны Кедендік одақпен байланыстыруға, атап айтқанда, Беларусиядан келетін импорттық жеткізілімдермен салыстыруға болмайды! Мысалы, барлық беларусиялық өнімдердің үлесі Қазақстанның жалпы импортында 2010 жылы 1% болып, $251,1 млн-ды құрады.

Қазақстанға, орасан зор ауыл шаруашылық мүмкіндіктері бола тұрып, бұрын жеткілікті дәрежеде ел ішінде өндірілетін көкөніс, ет-сүт және басқа да өнімдерді шетелден әкелу ақылға симайтын іс.

Қазақстан базарларының сөрелеріндегі «Буштың аяқтары», қытайлық генндік-модификацияланған алмалар, пәкістан егістіктерінде өсірілген жүзім немесе кратоп, ол халықаралық саудадағы интеграциядан көретін пайда көзі бұл емес. Өкінішке қарай мұндағы жағдай мәз емес.

Ет өніміне қатысты жекелеген цифрларды келтірсем. Еттің әлемдік нарықтағы басқа түрлеріне қарағанда құс етінің нарығы қарқынмен дамып келеді. Құс етінің ішінде әлемдік өндіріс пен тұтынуда тауық еті бірінші орында.

Құс етін Қазақстан нарығына аса ірі жеткізуші – АҚШ. Мысалы, 2009 жылы біздің елге 109 мың тонна құс еті импортталса, оның ішінде алыс шетелден, ең бастысы АҚШ-тан 97,9 мың тонна құс еті импортталыпты. Басқаша айтсақ, ішкі нарықтағы тұтынылған құс етінің жалпы көлемінің ішінде құс етінің импортының үлесі 57,1% (2005-ші жылы — 72,4%) болды.

АҚШ-та өндірілетін құс етінің ішінде (кеуде еті, немесе ақ ет, өздерінде қалдырылады) аяқтар ТМД елдеріне жіберіледі, ішек-қарындарынан ит тағамдары жасалады, ал қалғандарынан көже өнімдері жасалып, үшінші елдерге шығарылады. Олардың Қазақстан нарығына да түсуі мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

Орташа есеппен 2005-2009-шы жылдары «Буш аяқтары» деп аталатын құс етінің халық тұтынуындағы үлесі 85,6% болды! АШМ шенеуніктері мен оның жанынан салық төлеушілердің қаражатына құрылған әр түрлі АҚ, ЖШС пен т.б. қайда қарап отыр!? Бірақ, шынын айтсақ, бұл АШМ-ға ғана байланысты емес. Әңгіме, еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігі туралы болып отыр емес па!?

Келтірілген есептеулер қазақстандық стаистикаға негізделген. Бірақ айналық статистикаға жүгінсек, онда көрініс одан да жаман болуы мүмкін.

— Ендеше айна статистикасы туралы әңгімелесейікші. Оның үстіне «Қорғас» кеден бекетіндегі әйгілі оқиғалардан соң республиканың есеп комитеті қазақстандық және қытайлық екі ел арасындағы сауда бойынша статесебінде айтарлықтай айырмашылық барлығын анықтады…

— Біріншіден, айна статистикадағы айырмашылықты анықтау үшін Қазақстан есеп комитетінде жұмыс істеу міндетті емес. Кез келген елдің кеден қызметінің сайтына кірсеңіз, айырмашылықты көру жеткілікті. Ол үшін, айталық, Ресейден Қазақстанға импорттың құны (қазақстандық статистика бойынша) мен Ресейден Қазақстанға экспорттың (ресейлік статистика бойынша) айырмашылығын есептесеңіз жеткілікті. Алынған айырмашылық айналық статистика болып табылады. Оны кез келген студент жасай алады. Кез келген мемлекеттің – дамыған, дамушы және нарығы қалыптасушы мемлекеттердің мәліметтерінің арасында айырмашылығы бар болады. Екіншіден, Қазақстан мен Қытай мәліметтерінің арасындағы айырмашылыққа келсек. Мені таң қалдыратыны — сол айрмашылыққа енді ғана мән бергендігі! Ол бұрыннан белгілі. Егер 2001-ші жылы айналық статистикасының арасындағы айырмашылық $155,7 млн болса, 2010 жылы – минус $5 млрд. 356 млн болды. Яғни, соңғы 10 жылда айырмашылық 34,4 есеге артты, ал оның жиынтық теріс мәні $27 млрд 148 млн болды!

Бұл жерде екі қызықты мәселе бар. Біріншісі. Қаржы министрлігінің кеден комитетінің жауапты қызметкерлері бұл айырмашылықты «сыртқы сауда статистикасын қалыптастырудағы әдістемелік айырмашылық барлығымен» түсіндіргенде, ол мамандарда қарқылған күлті тудырады. Неге? Осы жерде екінші мәселеге назар аударайық. «Қорғас» кеден бекетінен өтетін тауарлардың орасан зор үлесі контрабандалық тауар екендігі ешкімге де құпия емес. Бізге осы миллиардтаған айырмашылық дәл сол контрабандалық тауарлармен байланысты сияқты. Кедендік бақылау комитетінің төраға орынбасары И. Теннің айтқанын еске алайықшы: «Айналық статистикасы бойынша: заңсыз әкелінетін тауарлардың мөлшерін есептеп шығару, ол дегеніңіз «ауа қармаумен» бірдей. Бұл жерде бір нәрсе деп болмайды». Бұл, кем дегенде, дилетанттың айтқаны, бәлкім одан да басқа шығар.

Қазақстандық сарапшылардың бағалауынша, «Қорғаста» тауарлардың кем дегенде 90-95% — контрабанда. Егер негіз ретінде осы цифрларды алсақ, онда қарапайым арифметика көрсеткендей, $5,356 млрд ескерілмей қалған тауар сомасынан, шамамен $4,8-5,1 млрд контрабанда. Контрабандалық тауарлардың келіп түсу сәтіне олардың құны кем дегенде 2,5-3 есеге қымбаттайды. Бұл тек азық-түлік тауарларының ғана емес, тұтыну тауарларының да бағасының артуы деген сөз. Егер оған басқа мемлекеттермен арадағы айырмашылықты қоссаңыз, онда ол одан да көпке арта түседі. Оның үстіне осы шартты түрдегі сомалардан үкімет бюджетіне салық түспейді. Бұл дегеніңіз, елдің онсыз да мардымсыз бюджетіне қанша салық түспеді десеңізші!? Өкінішке қарай, Қазақстанда бұл бағытта ешкім де зерттеу жүргізген емес.

Тақырыпты аяқтай келіп, келесіні ерекше атап көрсеткім келеді. Мен контрабанда мен айна статистикасын топтастырып отырған жоқпын. Қайталап айтамын, ол проблема әлемдегі барлық мемлекеттерде бар. Ал біздің қытайлықтармен статмәліметтердегі айрмашылық – ол ерекше жағдай…

— Кедендік одаққа қайта оралайықшы. 1-ші шілдеде оның жұмыс істеп тұрғанына дәл бір жыл толады. Әрине, жеміс бірден пайда болады деп ешкім де күтпес, дегенмен интеграциялық ағашта жеміс қашан пайда болады деп күтсе болады?

— Құрамына Қазақстан, Ресей мен Беларусия кірген Кедендік одақтың құрылуы — күшейіп отырған ғаламдану үдерсі мен әлем экономикасының және жеке алғанда халықаралық сауданың қауіп-қатеріне дер кезінде берілген жауап. Бірақ Қазақстан үшін КО құрылуы Дүние жүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) біртұтас кедендік одақ ретінде кіргенде тиімдірек болатын еді. Еске салсақ, бұл туралы кезінде В. Путин де мәлім еткен болатын. Осы тақырыпқа сіздің агенттікке бір жыл бұрын берген сұхбатымда мен де ой бөліскенмін.

— Ондай ұстанымның пайдасы неде?

— Біріншіден, ДСҰ-на біртұтас кедендік территория ретінде кіру, тек келіссөздерде ғана емес, ұйым құрылымында да өзгерістер енгізетін еді.

Сондықтан да ДСҰ бас хатшысы мен дамыған деген елдердің басшылары, оның ішінде ең алдымен АҚШ мұндай шешімге қарсы шықты. Бұған дейін бір де интеграциялық бірлестік ДСҰ-на мүше болған емес. Мысалы, Еуроодақ мүшелігіндегі елдер ТСБК келісіміне (тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісім – ДСҰ алдындағы ұйым) жеке-дара енген болатын.

Екіншіден, ДСҰ-да интеграциялық бірлестіктер үшін арнайы жеңілдіктер болмағанымен, КО мүшелігіндегі елдердің бірыңғай ұстанымы тек Қазақстан үшін ғана емес, интеграциялық құрылымның барлық мүше –мемлекеттері үшін де біркелкі болар еді. Сөзсіз, Қазақстан одан ұтатын еді, себебі ДСҰ-ға ену туралы келіссөздер жүргізіп отырған біздің кәсіби емес командамыздың жіберген барлық олқылықтары жойылған болар еді.

Өкінішке қарай, В. Путиннің мәлімдемесін кейін Дмитрий Медведев жоққа шығарып, үдеріс басқа сценариймен кетті. Ол басқа әңгіменің тақырыбы.

КО құру жөніндегі келіссөздер үдерісінде, сол бұрынғы кәсіби емес команда, көптеген қазақстандық сарапшылардың пікірінше, көптеген қателікетерге жол берген. Сондықтан қазіргі кезде көптеген отандық экономисшілер КО-дан пайда, шығынға қарағанда аз деген пікірге қосылады. Бірақ, білікті түрде олай деп айтуға байыпты зерттеулер қажет. Соның негізінде кәсіби қорытынды жасауға болады. Әзірге бір жылдың ішінде Қазақстан мен Ресей және Беларусь арасындағы сауда экономикалық байланыс кеңейді, интеграциялық үдеріс тереңдеді деп айта салуға ерте.

КО аясында Қазақстан үшін интеграция нәтижесі сөзсіз болады деп сенемін. Бірақ жемісі толыққанды болуы үшін, кез келген ағаш өзіне күтімді қажет етеді. Басқаша айтқанда, Қазақстан үшін көптен күткен интеграциялық пайда тек қана үкімет, министрлік пен экономикалық саладағы ведомстволардың басшылығына нағыз кәсібилер келгенде, өз еліне жаны ашитын, экономикалық заңдарды білетін мемлекеттік деңгейде ойлайтындар келгенде ғана болады. Ондай уақыт келетініне терең сенімдімін.

Соңғы жаңалықтар