БАӘ инвесторлары қарағандылық «Сарыарқа» АЭА дамытуға көмектеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАӘ инвесторлары қарағандылық «Сарыарқа» АЭА дамытуға көмектеседі

БАӘ инвесторлары қарағандылық «Сарыарқа» АЭА дамытуға көмектеседі

Қарағанды облысы әкімдігінде Аджман еркін экономикалық аймақ (БАӘ) өкілдерімен кездесу өтті.

  • 25 Маусым 2014
  • 584
Фото - Caravan.kz

 «Сіздердің тәжірибелеріңіз біздің  қызығушылығымызды тудыруда», — деді қонақтарға Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Кездесу барысында  «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын дамыту мәселелері сөз болды.

 Арнайы экономикалық аймақ территориясында тиісті инфрақұрылым бар, енді оған инвесторларды тарту қажет, деп атап өтті аймақ басшысы.

Аджман ЕЭА 25 жыл бойы жұмыс жасап келеді, қазір оның аумағында 10 мың компания жұмыс жүргізуде, деп атап өтті оның өкілдері.

«Қарағанды нысандарын аралап жүріп мен бұл жердің болашағы бар екендігіне және кәсіпкерлікті дамытуға болатындығына көз жеткіздім. Біз инвестор және басқарушы компания ретінде осында  келіп жұмыс жасауға ниеттіміз», — деп мәлімдеді Аджман ЕЭА бас директоры Махмуд Әл-Хашеми.

 Кездесу қорытындысында «Сарыарқа» АЭА басқарушы компаниясы мен «ҚарағандыИнвест» АҚ және Аджман еркін экономикалық аймағы өзара әріптестік және түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжаттың мақсаты — «Сарыарқа» АЭА басқаруы бойынша шетел және отандық нарыққа бағытталған экспорт, импорт, логистика және тауар өндіруге негізделген кәсіпорын құру.

 Меморандум екіжақты тиімді әріптестікке мүмкіндік береді, дейді қол қоюшылар.


 Аджман ЕЭА бас директорының айтуынша, жақын арада Қарағандыда жүргізілетін жұмыстар үшін араб мамандарынан топ құрылады.

 Ajman Free Zone — БАӘ-дегі бұрыннан келе жатқан еркін экономикалық аймақтардың бірі. 1988 жылы негізі қаланған. Ол Дубайдан 30 шақырым қашықтықта, мұхит порттарына жақын жерде орналасқан.