Жарияланды: 440

БАӘ компаниясы Солтүстік Қазақстанға инвестиция салмақ

БАӘ компаниясы Солтүстік Қазақстанға инвестиция салмақ

Біріккен Араб Әмірлігінде ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі Кайрат Лама Шариф «Agthia Group» компаниясының бас менеджері Абдурахман аль-Хашимиді қабылдады. 

Аталған компания басшылығы таяуда Қазақстаннан келді. Олар Астанада өткен қазақстандық-әмірлік бизнес-форумға қатысты. 
Кездесу барысында «Agthia Group» компаниясы СҚО ауыл шаруашылығы саласын инвестициялаудың әлеуетті жоспарлары жайында айтты. ҚР Елшілігі қазақстандық өкілдермен байланыс орнатуға жәрдем көрсетуге әзір екендігін білдірді.
«AgthiaGroup» компания тобы - БАӘ ауыл шаруашылығы мен тағам өнеркәсібінде көшбасшы саналады. Компания 2004 жылы құрылған.
2005 жылы компания Әбу-Даби Қор биржасы (AbuDhabiSecuritiesExchange, ADX) тізіміне кірді.
Компания акциясының 49 пайызға жуығы түрлі жекеменшік инвесторларға, 51 пайызы - Әбу-Даби үкіметінің мемлекеттік компаниясы «General Holding Corporation» холдингіне тиесілі. 
БАӘ-дан басқа, компания Мысырда, Түркияда өнімдерін шығарады. Компанияның 2 негізгі өнім желісі бар: ауыл шаруашылығы өнімдері (Ұн түрлері, жем-шөп), тағам өнімдері (сусын, ауыз су энергетикалық сусындар).
Компания өнімдері мына елдерде сатылады: Германия, Италия, Румыния, Түркия, Ливан, Катар, Кувейт, Бахрейн, Оман, Палестина, Иордания, Ирак және БАӘ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін