"БАӘ-де орамал тақпаған әйелдерге “ешекбастар неге әйелдеріңе ие болмайсыңдар”- деп көпіріп уағыз айтып жатқан жоқ", - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"БАӘ-де орамал тақпаған әйелдерге “ешекбастар неге әйелдеріңе ие болмайсыңдар”- деп көпіріп уағыз айтып жатқан жоқ", - Айгүл Орынбек

"БАӘ-де орамал тақпаған әйелдерге “ешекбастар неге әйелдеріңе ие болмайсыңдар”- деп көпіріп уағыз айтып жатқан жоқ", - Айгүл Орынбек

Белгілі қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде  орамал мәселесін көтерді.

  • 28 Қыркүйек 2020
  • 222
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Арабтар күннен қорғану ғана үшін киеді…

Ал біздіңкілер барынша қараға оранып, қолдарына қолғап, көздеріне қара көзділдірік киіп алады!
Біздің қазақтың ермелігін осыдан ақ байқауға болады. Өзіндік ұстанымы, көзқарасы жоқ, ерме адамдар ғана діни фанат болып, өздерінің жолдарынан адасып жүрген!
Өзі адасқаны аздай, артынан өзі сияқты ермелерді ертіп, зомби болып қуып бітті!
Үстімдегі киімді арабтар “Абайка” дейді екен.
Үлкен сауда орталығында бір әйел киім киіп көріп жатып, үстіндегі абайкасын шешіп, кейін қолына ұстай салды. Ішінде джинси шалбар мен футболкасымен арқарай кете берді.
Туристердің арқасында күн көріп отырған БАӘ ның өзі, басына орамал тақпаған әйелдерге тас атып, “ешекбастар неге әйелдеріңе ие болмайсыңдар”- деп көпіріп уағыз айтып жатқан жоқ!
Имандылық жүректе!
Жігіттер отырып алып ертегі айта бермей, елдің өркендеп, дамуына үлес қосыңдар!
Сендер ұйықтап уағыз айтып, ертегі тыңдап жүргендерің де, арабтар сендерді басып озған!

Күнге күймес үшін мен де біреуін алып киіп алдым.


Айгүл Орынбек оранып алыпты деп сүйінші сұрамай ақ қойыңдар", — деп жазды парақшасына.

Соңғы жаңалықтар