Багам аралдарында Cessna ұшағы апатқа ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Багам аралдарында Cessna ұшағы апатқа ұшырады

Багам аралдарында Cessna ұшағы апатқа ұшырады

Багам аралдарында шағын Cessna-340 ұшағы апатқа ұшырады. Оның бортында болған төрт адам қаза тапты, деп хабарлады Фрипорт (Үлкен Багам аралы) қаласының полициясы. 

  • 19 Тамыз 2014
  • 294
Фото - Caravan.kz


Флорида штаты Ормонд-Бичтен шыққан ұшақ Фрипорт әуежайына жақындап қалған кезінде апатқа ұшырады. Ұшақтың таяз суға құлауы құрбан болғандарды іздеуді қиындатты, деп нақтылады полиция қызметкерлері.

Оның айтуынша, қаза тапқан төрт ер адамның кім екендіктері анықталды. Бұл ақпарат қайғылы оқиғаны туысқандарына жеткізгеннен кейін жарияланатын болады.

Апат себептерін анықтау үшін тергеу жұмыстары басталды. Оны Багам аралдарының билігі АҚШ-тың көліктегі қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп жүргізеді, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.