Халық дәл осындай ілтипатқа Бағдат Сәмединова мен Айжан Нұрмағамбетова да лайық екенін, жарыса жазуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Сүйінші жаңалықпен министр Аида Балаеваның өзі құттықтады.
«Бүгін Халық әртісі, қазақтың жезтаңдай әншісі Майра Ілиясоваға Мемлекет басшысының құттықтауын табыстадым. Қасым-Жомарт Кемелұлы әншінің ұлттық ән өнерін дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, ыстық ықыласын, ілтипатын білдірді.
Майра Ілиясова – ұлт мәдениетінің өркендеуі жолында тынбай еңбек етіп жүрген, ғұмырлы шығармаларымен халықтың жүрегіне жол тапқан біртуар тұлға.
Ол тек әнші ғана емес, өнердегі ізін жалғар жастарға жол сілтеген өнеге мектебі. Майра апамыздың тәрбиесін көрген шәкірттер бүгінде елдің сүйікті өнерпаздарына айналды.
Ұлт өнерінің шынайы жанашыры — Майра Ілиясоваға шығармашылық шабыт, зор денсаулық, толайым табыс тілейміз!», — деп жазды ол.
Халық мұндай марапатқа Бағдат Сәмединова, Айжан Нұрмағамбетовалар да лайық екенін жарыса жазуда.
