Жарияланды: 380

Бағаның негізсіз өсуіне жол берілмейді

Бағаның негізсіз өсуіне жол берілмейді

Теңгенің еркін айырбас бағамына көшуіне байланысты Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев штаб мүшелерімен бірге

Тараз қаласындағы дүкендер мен коммуналдық базарларды, валюта айырбастау пункттері мен дәріханаларды аралап шықты. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Теңгенің еркін айырбас бағамына көшуіне байланысты азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында облыс басшысы бастаған топ алдымен "Технодом" дүкеніне бас сұқты. Дүкен басшысының айтуынша, мұндағы баға тұрақты. Халықтың көптігі де байқалмайды. 
Коммуналдық базардағы баға да көтерілмеген. Мәселен қанттың келісі -150, сұйық майдың литрі - 245 теңгеден саудаланып жатыр. Жылқы, сиыр, қой еттері де өзгеріссіз.

Облыс әкімі мұнан әрі "Мост" валюта айырбастау пункті мен "Арзан", "Скиф трейд" сауда орындарын аралап, азық-түлік бағасының тұрақтылығына көз жеткізді. Барлық сауда орындарының басшыларына бағаны өсірмеуді қатаң тапсырды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін