Бағдадтағы жарылыстан қаза тапқандар 130-дан асты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бағдадтағы жарылыстан қаза тапқандар 130-дан асты

Бағдадтағы жарылыстан қаза тапқандар 130-дан асты

Бағдадта 3 шілдеге ауған түні болған терактіден мерт болғандар саны 130-дан асты. Бұл туралы Ирак полициясына сілтеме жасаған "Әл-Жазира" телеарнасы хабарлады.

  • 4 Шiлде 2016
  • 364
Фото - Caravan.kz

"Ислам мемлекеті" (ИМ — Қазақстанда тыйым салынған) экстремистік тобы мойнына алған шабуылдан 200 адам жарақаттанған.

Бағдадтың орталығындағы Әл-Каррада ауданында автокөлікке орнатылған жарылғыш зат іске қосылған, арада біршама уақыт өткенде қаланың солтүстік бөлігінде екінші жарылыс болған. Дүкендер мен дәмханалар жиі орналасқан бұл ауданындағы жарылыс оразадағы ауызашардан кейін адам қарасы көбейген шақта жасалған.

Жарылыстар бірталай уақыттан бері ИМ тобы бақылауында ұстап келген Фаллуджа қаласын үкімет әскери экстремистерден қайтарып алған соң бір аптадан кейін жасалып отыр.


Соңғы жаңалықтар