Жарияланды: 40

Байбек "Алпамыс батыр" жырын оқып, эстафетаны Димаш пен Ақан Сатаевқа жолдады

Байбек "Алпамыс батыр" жырын оқып, эстафетаны Димаш пен Ақан Сатаевқа жолдады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек "Тұлпар мініп, ту алған" флешмобына қатысып, "Алпамыс батыр" жырынан үзінді оқыды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Facebook желісінде пайда болды. "Мен осы эстафетаны ҚР Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаевадан қабыл алдым. Эстафетаны танымал режиссер Ақан Сатаев, белгілі боксшы Қанат Исламға және талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаймын", - деді Бауыржан Байбек. Акцияны Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев та қолдады. Ол осы эстафетаны Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Ысқақовтан қабыл алғанын айтты. "Алматыда бірнеше ай бұрын ғана ұйымдастырылған "Тұлпар мініп, ту алған" жобасы бүгінде ұлттық масштабқа ие болды. Осы эстафетаға қатысу - кез келгеніміз үшін биік дәреже", - деді Алматы әкімінің орынбасары. Айта кетейік, акцияны бұрындары мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, "Қазақстан" телеарнасының төрағасы Ерлан Карин, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы және басқалары қолдаған еді. "Тұлпар мініп, ту алған" жобасы тамыз айының соңында басталып, Жаңа жылға дейін созылады. Жобаның мақсаты - оқушылар арасында эпос жырларын оқуға ынтасын ашу.
 
Бауыржан Байбек: "Тұлпар мініп, ту алған"

Бауыржан Байбек: Ардақты ағайын! "Тұлпар мініп, ту алған" ұлттық жобасы аясында "Алпамыс батыр" жырын оқу эстафетасын Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Aida Balayeva қабыл алып, эстафетаны елімізге белгілі кинорежиссер Акан Сатаевқа, танымал кәсіпқой боксшы Kanat Islam және ел мақтанышы, дарынды әнші Димаш Кудайбергенов жолдаймын!

Posted by Тұлпар мініп, ту алған on Wednesday, December 5, 2018
 
Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть