Байбек пен Нығматулин тексеріліп жатыр – БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байбек пен Нығматулин тексеріліп жатыр – БАҚ

Байбек пен Нығматулин тексеріліп жатыр – БАҚ

Мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулин мен Алматының бұрынғы әкімі, бұрынғы Nur Otan партиясы төрағасының экс-бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің «шаруашылық қызметі» тексеріліп жатыр деген ақпарат пайда болды.

  • 31 Наурыз 2022
  • 135
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Orda.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

 «Выход к правде» Telegram-арнасында бұл жайлы былай деп жазылыпты:

«Бүгін желіде жазып жатқандай, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек пен Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің де «шаруашылық қызметі» тексеріліп жатыр» делінген хабарламада.

Бұл туралы әзірге ресми мәлімдеме жоқ.


Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды қамауға алынғанан кейін  Бауыржан Байбек пен Нұрлан Нығматулиннің Қазақстаннан ұшып кеткені туралы ақпарат тарады.

Бауыржан Байбек 15 наурызда Германияға ұшып кетті десе, Нығматулинді Әзірбайжанға кетті делінген ақпарат шықты.

 

Соңғы жаңалықтар