Байден энергия қуатының тапшылығы қаупіне байланысты төтенше жағдай жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байден энергия қуатының тапшылығы қаупіне байланысты төтенше жағдай жариялады

Байден энергия қуатының тапшылығы қаупіне байланысты төтенше жағдай жариялады

АҚШ президенті Джо Байден елдегі электр қуатын өндіру тапшылығына байланысты төтенше жағдай жариялап, Азиядан келетін күн батареяларын баж салығынан босату мерзімін ұзартты.

  • 7 Маусым 2022
  • 140
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
 

Сайтта жарияланған жазбада АҚШ-та жеткілікті электр қуатын өндіруге кедергі келтіретін көптеген фактор бар екені айтылған.

"Мен, Кіші Джозеф Байден, Америка Құрама Штаттарының Президенті, Америка Құрама Штаттарының конституциясы мен заңдарында берілген өкілеттік бойынша, электр энергиясын жеткілікті деңгейде өндіруге кедергі келтіретін төтенше жағдайдың бар екенін жариялаймын", — делінген хабарламада.

Байден, сонымен қатар, Камбоджа, Малайзия, Таиланд және Вьетнамның "кейбір күн батареяларын" екі жылға импорттық баж салығынан босатты.


Соңғы жаңалықтар