Байден Тоқаевты құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байден Тоқаевты құттықтады

Байден Тоқаевты құттықтады

АҚШ президенті Джозеф Байден Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына мемлекетіміз тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай құттықтау жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

  • 5 Желтоқсан 2021
  • 436
Фото - Caravan.kz

"Қазақстанның Орталық Азия мен бүкіләлемдік бейбітшілік, тұрақтылық пен гүлденуді сақтау жолында көш бастап келе жатқанының 30 жылдық мерейтойы қарсаңындағы қуанышыңызға ортақпын", — деп жазды америкалық көшбасшы.

Оның пікірінше, алдағы уақыттағы ықпалдастық екі елдің халықтары үшін жаңа жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік береді. Осы орайда ол Орталық және Оңтүстік Азия өңірлеріндегі өзара байланыстар мен экономикалық өсуге ықпал ету бойынша "Қазақстанның орасан зор күш-жігерін" жоғары бағалады.

"Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті және өңірлік тұрақтылықты ілгерілету, климаттық дағдарысты шешу, демократиялық институттардың тиімділігін арттыру мен адам құқықтарын құрметтеуді дамыту бойынша ынтымақтасуға ниетті", — деп мәлімдеді АҚШ президенті.


Соңғы жаңалықтар