"Байдың атын байғұс қызғанады": Қырғыз президентінінен ат алды деп қазақ ақынын сынаған Аманжол Әлтаевтың басы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Байдың атын байғұс қызғанады": Қырғыз президентінінен ат алды деп қазақ ақынын сынаған Аманжол Әлтаевтың басы дауға қалды

"Байдың атын байғұс қызғанады": Қырғыз президентінінен ат алды деп қазақ ақынын сынаған Аманжол Әлтаевтың басы дауға қалды

Айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Филология ғылымдарының докторы Аманжол Әлтаев Қырғыз президентінінен ат алған қазақ ақынын сынға алды. 

  • 23 Тамыз 2023
  • 243
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Аманжол Әлтаевтың фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.  

Аманжол Әлтаев қырғыз тарапын екі елдің айтыс ақындары одағының арасындағы қол қойылған меморандумдағы ережені сақтауға шақырды.

"Мынау Біржан деген ұяты жоқ, беті қалың жігіт екен. Оның мұқым қазақ елінің атынан домбыра ұстап сөйлейтіндей жөні жоқ еді. Себебі қазақ айтыс өнерінде мұндай ақын жоқ. Мәселе бұл жігіттің танымал болмағанында емес. Егер кесек ой айтса, көркем өлең өріп нақышын келтіре сөйлесе, тіленіп ат сұрамаса, тілеуін тілеп тек қуанар едік.
Қырғыз бауырлардың ыстық пейіліне рақмет! Бірақ, кім көрінгенді көшеден тауып алып, қазақ елінің ақыны деп ел алдына шығармауын сұраймыз. Қазақ елінің айтыс ақындары мен жыршы — термешілер одағының төрағасының бірінші орынбасары ретінде мәлімдеймін. Қазақ халқының бекзат өнерінің құнын олай түсірмеулерін талап етемін. Ақындық таланты жоқ мұндай пысықайлар ешкімге де опа әпермейді. Ендігі жерде қырғыз бауырлар екі елдің айтыс ақындары одағының арасындағы қол қойылған меморандумғы ережені сақтауды, біздер ұсынған ақынды ғана халық алдына шығаруларын сұраймыз.
Құстың қос қанатындай бауырлас едің достығын жалған өлеңшілер емес, нағыз құрметке лайық дарынды ақындар жырласын.
Біржан бауырымыз елге жеткенсін халықтан, барша айтыс ақындарынан кешірім сұрауды ұмытпасын", деп жазды.  


Айта кетейік, Қырғыз президенті Садыр Жапаров сол жиында қазақ ақынына құрметі ретінде сыйлық табыстайтынын айтып, 20 тамызда Қырғызстан президентінің көмекшісі Қаныбек Түмонбаев Садыр Жапаровтың сыйлаған тұлпарын Біржан Қалдыбаевқа 
тарту етті.

Дегенмен Аманжол Әлтаевтың бұл сөзі оқырмандарға ұнамай қалды. "Бұл не қызғаныш па, әлде көреу алмаушылық па", "бірақ қазақ сый алып жатса оның несі жаман", "Біздің қазақ осы ғой", деген сынды пікірлер жаудырды.

Соңғы жаңалықтар
Тоқаев 71 жасқа толды
Жаңалықтар 17 Мамыр