Байлар мен кедейлер табысындағы үлкен айырмашылық Алматы мен ШҚО-да - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байлар мен кедейлер табысындағы үлкен айырмашылық Алматы мен ШҚО-да

Байлар мен кедейлер табысындағы үлкен айырмашылық Алматы мен ШҚО-да

Қазақстанда ауқатты адамдар табысы кедейлерге қарағанда шамамен алты есе жоғары.

  • 17 Қыркүйек 2021
  • 436
Фото - Caravan.kz

Бұны 2021 жылдың екінші тоқсанындағы Ұлттық статистика бюросы деректерінен көруге болады, — деп хабарлайды Caravan.kz порталы  КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Сарапшылардың айтуынша, ең бай адамдардың 10 пайызы ай сайын шамамен 320 миллиард теңге алады. Ал кедейлердің 10 пайызы — 54 миллиард теңге.

Өңірлер бойынша ең үлкен айырмашылық Алматы мен Шығыс Қазақстанда байқалады. Байлар кедейлерге қарағанда жеті есе көп ақша табады, дейді сарапшылар. Павлодар мен Ақмола облыстарында интервал одан азырақ.

Нұр-Сұлтанда байлардың табысы кедейлерден төрт есе, Шымкент пен Маңғыстау облысында үш есе жоғары.


Сондай-ақ, кедей қазақстандықтардың 10 пайызының айлық табысы 33 мың теңгеге дейін, ал байлардың 10 пайызы 115 мыңнан миллион теңгеге дейін табатыны анықталды.

2021 жылдың сәуіріндегі мәлімет бойынша, Қазақстанда байлар мен кедейлер саны артқан.

Соңғы жаңалықтар