Байқоңыр ғарыш айлағында "Союз ТМА-4" ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңыр ғарыш айлағында "Союз ТМА-4" ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Байқоңыр ғарыш айлағында "Союз ТМА-4" ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды

Байқоңыр ғарыш айлағындағы "Энергия" ғарыш-зымыран корпорациясының монтаж-сынақ ғимаратында "Союз ТМА-4" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары басталды. Дайындық жұмыстары сәуір айының орта шеніне дейін жалғасады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Сәуiр 2004
  • 329
Фото - Caravan.kz

Қазіргі жағдаймен, «Союз ТМА-4» ғарыш кемесінің жүйелері мен аспаптарын тексеру мақсатында іске қосу жұмыстары қолға алынды. Ғарыш кемесі №1 алаңнан «Союз-ФГ» зымыран тасығышымен халықаралық ғарыш станциясына 19-сәуірде жол тартады деп жоспарланған.

Қазір Халықаралық Ғарыш станциясына аттанатын тоғызыншы экспедицияның негізгі және қосымша экипажы Жұлдызды қалашықтағы дайындық жұмыстарын аяқтауға жақын. Келесі аптада олар Байқоңырға ұшып келеді деп күтілуде.