Байқоңыр қаласының жаңа басшысы өз командасын жасақтап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңыр қаласының жаңа басшысы өз командасын жасақтап жатыр

Байқоңыр қаласының жаңа басшысы өз командасын жасақтап жатыр

2017 жылдың 13 маусымынан бастап өз міндетіне кіріскен Байқоңыр қаласы әкімдігінің жаңа басшысы Константин Бусыгин алғашқы тағайындауларын жасады. 

  • 7 Шiлде 2017
  • 3123
Фото - Caravan.kz

2017 жылдың 16 маусымынан бастап әкімдік басшысының бірінші орынбасары болып Виктор Лопаткин тағайындалған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2017 жылдың 4 шілдесінен  әкімдік басшысының орынбасары қызметіне Кубаныч Абдубатаев келді. Ал, 5 шілдеден бастап Байқоңыр қаласы әкімдігі басшысының жарлығымен аппарат басшысы болып Әрсен Қаспаров тағайындалды.

Байқоңыр қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, әкімдік басшысы командасының жаңартылуы мен құрылуы әлі де жалғасын табады. Алдағы уақытта әкімдік басшысының тағы бір орынбасары тағайындалмақшы. 

Естеріңізге салсақ, 51 жастағы
Костантин Бусыгиннің Байқоңырдың басшысы болып тағайындалғаны
 туралы өткен айдың басында айтылған еді. 

Соңғы жаңалықтар