Байқоңырда бесінші шақырылатын РФ Федералдық жиыны Мемлекеттік думасының депутаттарын сайлауға дайындығы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда бесінші шақырылатын РФ Федералдық жиыны Мемлекеттік думасының депутаттарын сайлауға дайындығы басталды

Байқоңырда бесінші шақырылатын РФ Федералдық жиыны Мемлекеттік думасының депутаттарын сайлауға дайындығы басталды

Байқоңыр. 2-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда бесінші шақырылатын РФ Федералдық жиыны Мемлекеттік думасының депутаттарын сайлауға дайындығы басталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Байқоңыр қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Михаил Москалевтің ақпараттарына сілтеме жасай отырып.

  • 2 Қараша 2007
  • 684
Фото - Caravan.kz

Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, 2-желтоқсанға белгіленген бесінші шақырылатын РФ Федералдық жиыны Мемлекеттік думасының депутаттарын сайлауға дайындық және оны өткізу РФ «Ресей Федерациясы азаматтарының референдумға қатысу құқығы мен сайлау құқығының негізгі кепілдіктері туралы» федеральдық заңының 28-бабының 7-тармағына сәйкес, Байқоңыр қаласының аумағында құрылған сайлау учаскелерінде ұйымдастырылған.

Байқоңырдағы аумақтық сайлау учаскелері Ресей азаматтарына шет елдерде жүріп сайлауға қатысу және дауыс беру мүмкіндігін беретін 133 теркомдардың қатарына кіреді.

«Байқоңыр қаласында, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасынің арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі, оның атқарушы билік органдарын құру тәртібі және оның мәртебесі туралы келісім, «Ресей Федерациясының Федералдық жиыны Мемлекеттік думасының депутаттарын сайлау туралы» федералдық заңының негізінде және Ресей Федерациясының Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес жеті сайлау учаскесі құрылып, учаскелік сайлау комиссиясы мен дауыс беру ғимаратының орындары белгіленген. 9-қарашада комиссия төрағалары тағайындалып, одан кейін сайлау науқанына дайындық жұмыстары басталады»,- деп түсіндіріп өтті М. Москалев.

«Қазіргі уақытта сайлау учаскелерінің дайындау жұмыстары жүргізіліп, қажетті құрал-жабдықтар тізімі нақтылануда. Сайлауды ұйымдастыруда проблема жоқ. Біздің сайлау науқандарын өткізуде үлкен тәжірибеміз бар, соның ішінде тамызда өткізген халықаралық және тәуелсіз бақылаушылардан жоғары баға алған Қазақстан Республикасының парламент мәжілісіне депутаттар сайлау,- деп атап М. Москалев. — Қалалық әкімшілік пен жұмылдырылған құрылымдар сайлауды жоғары деңгейде өткізу үшін барлық шараларды қабылдауда»,- деп қосты Байқоңырдың аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті