Байқоңырда Еуропаның GLOVE-В жер серігі мен "Фрегат" үдеткіш блогы түйістірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Еуропаның GLOVE-В жер серігі мен "Фрегат" үдеткіш блогы түйістірілді

Байқоңырда Еуропаның GLOVE-В жер серігі мен "Фрегат" үдеткіш блогы түйістірілді

Байқоңыр. 15-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Еуропаның GLOVE-В жер серігі мен "Фрегат" үдеткіш блогы түйістірілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Роскосмос агенттігіне сілтеме жасап.

  • 15 Сәуiр 2008
  • 581
Фото - Caravan.kz

GLOVE-В ғарыштық аппаратын «Союз-ФГ» зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 27-сәуірінде ұшыру жоспарланған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 14 сәуірде №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында шетелдік және ресейлік мамандар GLOVE-В ғарыштық аппаратын мақсатты орбитаға алып шығатын «Фрегат» үдеткіш блогымен құрастырды.

Салмағы 700 килограмдық GLOVE-В жер серігі Еуропаның Galileo навигациялық жүйесін дамытуға арналған. Жер серігі 23 000 шақырымға жуық орбитада 56 градусқа ылдилай орналасады. Жер серігі 12 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.

Galileo — Еуропалық ғарыш агенттігінің жобасы. Ол Еуропаның өзіне тиесілі, тәуелсіз, ғаламдық навигациялық жер серігі жүйесі. Жобаға Еуропалық қоғамдастық елдерімен қатар Қытай, Израиль, Оңтүстік Корея, Украина мен Ресей де қатысады.

АҚШ-тың ғаламдық GPS навигациялық жүйесі мен Ресейдің ГЛОНАСС навигациялық жүйесінен ерекшелігі — Galileo жүйесін мемлекет те, әскери құрылымдар да бақыламайды.

Galileo жүйесіне 30 жер серігі (27 операциялық және 3 қосалқы) енеді және ол Жер бетіндегі заттарды 5-10 метрлік қателікпен тануға қабілетті. Galileo жүйесі АҚШ-тың GPS және Ресейдің ГЛОНАСС жүйесімен бірлесе жұмыс істей алатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті