Байқоңырда "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығы аяқталып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+30 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығы аяқталып келеді

Байқоңырда "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығы аяқталып келеді

Байқоңыр. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығы аяқталып келеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 15 Қыркүйек 2008
  • 448
Фото - Caravan.kz

«№92А50 алаңның монтаж-сынақ корпусында үш бірдей «Глонасс-М» аппараты бір блокқа жинадып, «Протон-М» зымыран тасығышымен және ДМ үдеткіш блогымен құрастырылды».

Үш бірдей «Глонасс-М» жер серігінің үшінші ұшырылымы ГЛОНАСС ресейлік навигациялық жүйесінің 24 аппараттан тұратын топтамасын толықтыруға тиіс.

Ресейдің навигациялық үш «Глонасс-М» атты жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышының ұшырылымы 25 қыркүйекке межеленген. Жылдың аяғына дейін алты «Глонасс-М» жер серігін ұшыру жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті