Байқоңырдан Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған үш сатылы «Зенит-3SLB» зымыран тасығышын 2008 жылдың 24-сәуірінде ұшыру межеленген.
Осы аптада «Энергия» ЗҒК мен «Байқоңыр» Федералды ғарыш орталығы «Вымпел» конструкторлық бюрасы мамандарымен бірлесе отырып №31 алаңның монтаж-сынақ корпусында зымыран тасығышының ғарыштық бас бөлігінің құрастырып, жер орбитасына шығаруға арналған AMOS-3 жер серігін ДМ-SLВ үдеткіш блогымен түйістіру жұмыстарын жүргізді.
Кеше зымыран тасығышының ғарыштың бас бөлігі құрастырылып бүгін оны «Зенит-3SLB» зымыран тасығышымен жинақтау үшін №42 алаңдағы монтаж-сынақ корпусында жеткізіледі.
Amos-3 жер серігі орбитада 1996 жылы ұшырылған Amos-1 аппаратын алмастыруға тиіс. Amos-3 Ku-диапазондағы ретрансляторлардың таралу аймағын кеңейтіп, Таяу Шығыс, Еуропа, Африка мен Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір аудандарында жоғары сапалы байланыс пен мәліметтер жіберуді қамтамасыз етеді.
AMOS-3 жер серігін «Зенит-3SLB» зымыран тасығышы арқылы ұшырылуы 2008 жылдың 24-сәуірінде жаңартылған кешеннің №45 алаңында жасалады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті