Жарияланды: 390

Байқоңырда Канаданың Ciel-2 жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда

Байқоңыр. 17 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Канаданың Ciel-2 жер серігін ұшыруға дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Канаданың Ciel-2 жер серігі мен "Протон-М" зымыран тасығышы 2008 жылдың 10 желтоқсанында ұшырылады. Канаданың телекоммуникациялық Ciel-2 жер серігін Францияның Alcatel Alenia Space компаниясы Spacebus-4000 C4 тұрғырнамасында Ciel Satellite (Канада) тапсырысымен жасаған. Салмағы 5575 килограмм болатын Ciel-2 жер серігінің Ku-диапазондағы 32 ретрансляторы бар. Ғарыштық аппарат батыс бойлықтың 129 градус нүктесінде геостационар орбитада орналасады. Ciel-2 жер серігі Канада мен Солтүстік Американың басым бөлігінің аумағына байланыс қызметін жеткізуге арналған және 15 жыл белсенді жұмыс істейді деп есептелген. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін