Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына 8-сәуірде ұшырылатын "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінің негізгі экипажы бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына   8-сәуірде ұшырылатын "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінің негізгі экипажы бекітілді

Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына 8-сәуірде ұшырылатын "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінің негізгі экипажы бекітілді

Байқоңыр. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Халықаралық ғарыш станциясына 8-сәуірде ұшырылатын "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінің негізгі экипажы бекітілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 7 Сәуiр 2008
  • 492
Фото - Caravan.kz

Бүгін таңертеңгі сағат 10 -да «Ғарышкер» әмбебап сынақ-жаттығулар кешенінің жиналыс залында мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, онда Байқоңырда 26-наурыздан бері өтіп жатқан ғарышкерлер экипаждарының ұшырылым алдындағы дайындықтарының қорытынды кезеңі қорытындыланды.

Таныстырылған баяндамалардың негізінде мемлекеттік комиссия Халықаралық ғарыш станциясына баратын негізгі және қосалқы экипажды бекіту туралы шешім қабылдады.

Халықаралық ғарыш станциясына баратын 17 экспедицияның негізгі экипажының құрамына Ресей ғарышкері, ХҒС командирі, «Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесінің командирі Сергей Волков, Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері, «Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесінің бортинженері Олег Кононенко, сондай-ақ, 14-экспедиция ғарышкері, Оңтүстік Корея азаматшасы Йи Сойон бекітілді.

Қосалқы экипаждың ғарышкерлері ретінде Михаил Сураев, Олег Скрипочка

(Ресей Федерациясы) мен ұшырылымға қатысушы Корея Республикасының азаматы Сан Ко бекітілді.

Ғарышкерлер экипажының 17 экспедициясы мен 14 экспедиясын «Союз-ФГ» зымыран тасығышының көмегімен «Союз ТМА-12» пилотты ғарыш кемесімен ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 8 сәуірінде Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті