Жарияланды: 360

Байқоңырда Халықаралық Ғарыш станциясына жол тартатын экипаждар ұшу алдындағы жаттығуларға кірісті

Бүгін, 8-сәуірде "Байқоңыр" ғарыш айлағында Ғарыш станциясына жол тартатын негізгі және қосымша экипаждар ұшу алдындағы жаттығуларға кірісті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.

Федералдық ғарыш орталығының ақпаратына сәйкес, ғарышкерлер "Союз" ғарыш кемесінің экипажды орналастыруға және ғарыш кемесін қондыруға арналған кабинасында жаттығулар өткізіп, корабль ложементтері мен скафандрларды киіп көруге, ғарыш кемесінің радиожүйелерін тексеруге, жабдықтарды пайдалану қолайлылығын тексеруге тиіс. Бүгін, 8-сәуірде , жаттығулардан кейін екі экипаж да Жұлдызды қалашыққа аттанады. Онда ұшу алдындағы дайындық жұмыстарының ақырғы кезеңі жүзеге асырылады. "Союз ТМА -4" ғарыш кемесін Халықаралық Ғарыш станциясына ұшырау 19-сәуірге белгіленген. Экспедицияның негізгі экипажының құрамында Геннадий Падалка (Ресей), Майкл Финк (АҚШ, NASA) және Андре Кейперс (Голландия, Еуропалық ғарыш агенттігі) сынды ғарышкерлер бар. Ал қосымша экипаж Салижан Шарипов (Ресей), Лерой Чиао (АҚШ, NASA) және Герхард Тиле (Германия, Еуропалық ғарыш агенттігі) сынды ғарышкерлерден құралған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін