Жарияланды: 470

Байқоңырда Люксембургтің Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Байқоңыр. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Люксембургтің Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Еуропаның Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін "Протон-М" зымыран тасығышымен 2008 жылдың қазан айының аяғында ұшыру жоспарланған. Astra-1M жер серігін Еуропаның EADS Astrium концерні SES Astra (Люксембург) компаниясының тапсырысы бойынша жасаған. Салмағы 6 тоннадан асатын ғарыштық аппарат 36 транспондермен жабдықталған және телекоммуникациялық қызметтер мен телевидение сигналын HDTV форматында жеткізуге арналған. Astra-1M жер серігі геостационар орбитада 15 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін