Байқоңырда Люксембургтің Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Люксембургтің Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Байқоңырда Люксембургтің Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Байқоңыр. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Люксембургтің Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 10 Қазан 2008
  • 459
Фото - Caravan.kz

Еуропаның Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін «Протон-М» зымыран тасығышымен 2008 жылдың қазан айының аяғында ұшыру жоспарланған.

Astra-1M жер серігін Еуропаның EADS Astrium концерні SES Astra (Люксембург) компаниясының тапсырысы бойынша жасаған.

Салмағы 6 тоннадан асатын ғарыштық аппарат 36 транспондермен жабдықталған және телекоммуникациялық қызметтер мен телевидение сигналын HDTV форматында жеткізуге арналған. Astra-1M жер серігі геостационар орбитада 15 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар