Халықаралық ғарыш станциясына 17-ші экспедицияға арнап жүк жеткізетін «Прогресс М-64» жүк кемесін 2008 жылдың мамыр айының ортасында ұшыру межеленген.
№254 алаңның монтаж-сынақ корпусында ғарыш айлағына 25-наурызда жеткізілген «Прогресс М-64» жүк кемесінің ұшырылым алындағы дайындықтары басталды.
Осы аптада жүк кемесінің жүйелері тексеріледі.
Жүк таситын «Прогресс М-64» кемесін ғарышқа жеткізетін «Союз-У» зымыран тасығышының дайындықтары да №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында басталды.
«Прогресс М-64» жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 8-сәуірде ұшырылатын пилотты ғарыш кемесінің 17-ші экспедициясына арнап азық-түлік, ғылыми жабдық пен отын жеткізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті