Байқоңырда Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы корабліне отын құйылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы корабліне отын құйылды

Байқоңырда Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы корабліне отын құйылды

Байқоңыр. 5-мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы корабліне жанармай құйылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 5 Мамыр 2008
  • 496
Фото - Caravan.kz

Ғарыш айлағының мамандары жүк кемесін ұшыруға дайындықты одан әрі жалғастыруда.

Жанармай құйылғаннан кейін жүк кораблі оны ұшыруға арналған «Союз-У» зымыран тасығышымен түйістіруге дайындау үшін монтаж-сынақ корпусына тасымалданады.

Халықаралық ғарыш станциясына 17-ші экспедицияға арнап жүк жеткізетін «Прогресс М-64» жүк кемесін «Союз-У» зымыран тасығышым 2008 жылдың 15-мамырында Астана уақытымен 2 сағат 22 минутта (Мәскеу уақытымен 00 сағат 22 минутта) №1 алаңның №5 ұшырылым қондырғысынан ұшыру межеленген.

«Прогресс М-64» жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 8-сәуірде ұшырылған пилотты ғарыш кемесінің 17-ші экспедициясына арнап 2,5 тоннаға жуық азық-түлік, ғылыми жабдық пен отын жеткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті