Байқоңырда Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблінің дайындықтары жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблінің дайындықтары жалғасуда

Байқоңырда Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблінің дайындықтары жалғасуда

Байқоңыр. 7-мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Прогресс М-64" жүк тасымалдаушы кораблінің дайындықтары жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 7 Мамыр 2008
  • 470
Фото - Caravan.kz

Ғарыш айлағының мамандары №254 алаңның монтаж-сынақ корпусында жүк кемесін ұшыруға дайындықтардың ақырғы кезеңін өткізуде. Корабль жүйелері тексерілгеннен кейін авторлық тексеру жүргізіліп, бас обтекатель корабльге жалғанады.

Бұдан кейін жүк кораблі №112 алаңның монтаж-сынақ корпусына тасымалданып, онда 12 мамырда оны ұшыруға арналған «Союз-У» зымыран тасығышымен түйістіріледі

Халықаралық ғарыш станциясына 17-ші экспедицияға арнап жүк жеткізетін «Прогресс М-64» жүк кемесін «Союз-У» зымыран тасығышым 2008 жылдың 15-мамырында Астана уақытымен 2 сағат 22 минутта (Мәскеу уақытымен 00 сағат 22 минутта) №1 алаңның №5 ұшырылым қондырғысынан ұшыру межеленген.

«Прогресс М-64» жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 8-сәуірде ұшырылған пилотты ғарыш кемесінің 17-ші экспедициясына арнап 2,5 тоннаға жуық азық-түлік, ғылыми жабдық пен отын жеткізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті