Байқоңырда "Прогресс-М1-11" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Прогресс-М1-11" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді

Байқоңырда "Прогресс-М1-11" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді

Байқоңырда "Прогресс-М1-11" жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді. 2004-жылғы алғашқы бұл ұшырылым 29-қаңтарға белгіленген,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ғарыш айлағынан.

  • 27 Қаңтар 2004
  • 439
Фото - Caravan.kz

«Байқоңыр» Федералдық ғарыш орталығы баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Прогресс» жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына отын, азық-түлік өнімдері, су тәрізді қажетті жүктерді, станцияның өзі мен ондағы Майкл Фоэл және Александр Калери сынды ғарышкерлерден құралған экипаждың тіршілік қамтамасыздығына арналған заттарды жеткізеді.

«Союз-У» зымыран-тасығышы белгіленген кесте бойынша 27-қаңтарда жергілікті уақытпен сағат жетіде ұшыру алаңына шығарылды. Алдағы екі тәулікте Росавиакосмос мамандары «Прогресс» ғарыш кемесі мен зымыран тасығыш жүйелеріне жоспарлы тексеру жүргізеді.
Жүк тасушы ғарыш кемесі 29-қаңтарда Астана уақытымен 17 сағат 58 минутта ұшырылады деп межеленген.

Соңғы жаңалықтар