Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын Sirius-4 серігімен ұшыру дайындықтары аяқталып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда  "Протон-М" зымыран тасығышын  Sirius-4 серігімен ұшыру дайындықтары аяқталып келеді

Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын Sirius-4 серігімен ұшыру дайындықтары аяқталып келеді

Байқоңыр. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Sirius-4 жер серігін алып ұшатын "Протон-М"зымыран тасығышын ұшыруға дайындық аяқталып келеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 12 Қараша 2007
  • 347
Фото - Caravan.kz



Бүгін «Протон-М» зымыран тасығышының «Бриз-М» үдеткіш блогының төмен қысымды отын бактарына отын құю үшін май құю стансасына жөнелтілді.

«Бриз-М» үдеткіш блогына отын құюдың барлық операциялары жасалғаннан кейін, «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруға дайындығы туралы түпкілікті шешім мен «Протон-М» зымыран тасығышы мен «Бриз-М» үдеткіш блогы және Sirius-4 серігімен бірге ұшыру алдындағы дайындық жұмыстарын тікелей ұшыру алаңы кешенінде жалғастыру мәселесіне байланысты шешімді мемлекеттік комиссия ертең қабылдайтын болады.

«Протон-М» зымыран тасығышы дайындық кестесіне байланысты 14 қарашада №200 алаң кешеніне жіберіледі.

«Протон-М» РТ скандинавиялық Sirius-4 аппаратымен қоса ұшырылуы
№200 18 қарашада Астана уақытымен 4.40-қа жоспарланған. (Мәскеу уақытымен 1.40)