Жарияланды: 420

Байқоңырда құрылыс жұмыстары осыдан алты жыл бұрын басталған православиелік шіркеуді салып бітіру көзделіп отыр

Байқоңырда "Возрождение" атты қайырымдылық қор құрылды. Бұл қордың қаржысына құрылыс жұмыстары осыдан алты жыл бұрын басталған православиелік шіркеуді салып бітіру көзделіп отыр,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Шіркеу құрылысының іргетасы осыдан алты жыл бұрын Сырдарияның жағалауында қаланып, қабырғасы тұрғызыла бастаған болатын. Алайда, қаржы тапшылығынан құрылыс жұмыстары тоқтатылды. Қайырымдылық қорда жиналған қаржыға шіркеу ғимаратының қабырғасын қалап, күмбездері мен қоңырауларын орнату көзделіп отыр. Алдын-ала есеп бойынша, бұл мақсатқа 4,5 млн. рубль қажет. Қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, қазірдің өзінде қорға алғашқы қайыр-садақа келіп түсті. Атап айтсақ, Федералдық ғарыштық "Байқоңыр" орталығы 300 мың рубль , ғарыштық-зымырандық "Энергия" корпорациясы 75 мың рубль аударды. Жеке адамдардан да қайырымдылық мақсаттағы қайыр-садақалар келіп түсуде. Құрылыс жұмыстарының екінші кезеңінде шіркеу қабырғаларын нақыштау көзделуде. Мәскеу түбіндегі Загорк қаласының атышулы шеберлері осы тұрғыда қайтарымсыз көмек қолын созып отыр. Қазіргі таңда Байқоңырдағы Жеңімпаз Әулие Георгийдің шіркеуі бұрынғы спорт тауарларының дүкенінде орын тепкен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін