Байқоңырда Ресейдің навигациялық үш "Глонасс-М" жер серігін ұшыруға арналған ДМ үдеткіш блогының дербес сынақтары жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Ресейдің навигациялық үш "Глонасс-М" жер серігін ұшыруға арналған ДМ үдеткіш блогының дербес сынақтары жүргізілуде

Байқоңырда Ресейдің навигациялық үш "Глонасс-М" жер серігін ұшыруға арналған ДМ үдеткіш блогының дербес сынақтары жүргізілуде

Байқоңыр. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Ресейдің навигациялық үш "Глонасс-М" жер серігін ұшыруға арналған ДМ үдеткіш блогының дербес сынақтары жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Қараша 2008
  • 460
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ғарыш айлағының №254 алаңының монтаж-сынақ корпусында ДМ үдеткіш блогының дербес сынақтары жүргізілуде. Үдеткіш блок ғарыш айлағына 14 қарашада жеткізілген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Байқоңырдағы В.Бармин атындағы Жалпы машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросының сынақтар және пайдалану жөніндегі орталығының мамандары №81 алаңдағы ұшырылым қондырғысы мен ұшырылым құралдарын Ресейдің навигациялық үш «Глонасс-М» атты жер серігін ДМ үдеткіш блогымен қоса 2008 жылдың 25 желтоқсанында алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышының ұшырылымына дайындай бастады.

Ресейдің Железногорск қаласындағы «Академик М.Решетнев атындағы ақпараттық жер серіктері жүйесі» ААҚ кәсіпорнында жасалған «Глонасс-М» жер серіктері нің екеуі жеткізілді, ал үшіншісі желтоқсанның басында жеткізіледі.

Ғарыш айлағында «Глонасс-М» екі жерігі белгіленген кесте бойынша дайындалуда.

«Глонасс-М» ғарыш аппараты академик М. Решетнев атындағы Ғылыми-өндірістік қолданбалы механика бірлестігінде жасалған және ол ГЛОНАСС ресейлік навигациялық жүйесінің аппараттар топтамасын толықтыруға тиіс.

24 ғарыш аппаратынан құралған топ 2008 жылы толығуға тиіс. Жүйеге шетелдік тұтынушылар 2009 жылы ғана қол жеткізе алады.

ГЛОНАСС жүйесін дамыту Ресей үшін де, Қазақстан үшін де стратегиялық мәнге ие. Ғарыш бағдарламаларының аясында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасында ГЛОНАСС жобасына бірлесе қатысу туралы келісім жасалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар