Байқоңырда Sirius-4 жер серігін алып ұшатын "Протон" зымыран тасығышын құрастыру жұмыстары жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда Sirius-4 жер серігін алып ұшатын "Протон" зымыран тасығышын құрастыру жұмыстары жүргізілуде

Байқоңырда Sirius-4 жер серігін алып ұшатын "Протон" зымыран тасығышын құрастыру жұмыстары жүргізілуде

Байқоңыр. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Sirius-4 жер серігін алып ұшатын "Протон" зымыран тасығышын құрастыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 5 Қараша 2007
  • 631
Фото - Caravan.kz

«Протон» зымыран тасығышын құрастыру жұмыстары 4 қарашада басталған. Бүгін Ресейде атап өтіліп жатқан халық бірлігі күні мерекесіне орай демалыс күні екеніне қарамастан, М. Хруничев атындағы орталық мамандары №92-1 алаңның монтаж-сынақ корпусында «Протон» зымыран тасығышының сатылары мен блоктарын құрастыру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.

Сонымен бірге «Бриз-М» үдеткіш блогының электр желілерін тексеру және Sirius-4 ғарыштық аппаратымен және өтпелі жүйемен түйістіруге дайындық жұмыстары одан әрі жалғасуда.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, салмағы 4600 килограмм болатын Sirius-4 ғарыштық аппаратын Loсkheed Martin Commercial Space Systems (LMCSS, АҚШ) компаниясы 1982 жылы Швеция және Норвегия үкіметтерінің тапсырысымен құрылған, Орталық, Шығыс Еуропа, Скандинавия мен Прибалтикада жетекші спутниктік байланыс операторы болып табылатын SES Sirius AB компаниясының A2100AX платформасының базасында жасап шығарған. Жалпы алғанда Еуропада компания қызметін 110 астам телеарна мен 37 радиостанция тұтынады.

Sirius тобы жер серіктері шығыс бойлықтың 5 градусында геостационар ғарыштық орбитада орналасқан және Еуропа елдерінде Ка және Ku диапазондарында кең ауқымды хабар тарату және мәліметтер беру арналарын қамтамасыз етеді. Sirius жер серіктерінің қуатты транспондерлері шағын антенналардың көмегімен хабарлар қабылдауға мүмкіндік береді.

Sirius-4 ғарыштық аппараттарын «Протон-М» зымыран тасығышы мен «Бриз-М» үдеткіш блогының көмегімен ұшыру 18 қарашаға межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті