Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кораблінің дайындықтары одан әрі жалғасуда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кораблінің дайындықтары одан әрі жалғасуда

Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кораблінің дайындықтары одан әрі жалғасуда

Байқоңыр. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда Халықарлық ғарыш станциясына 2008 жылдың қазан айында ғарышкерлер экипажын ұшыруға арналған "Союз ТМА-13" ғарыш кораблінің дайындықтары одан әрі жалғасуда, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Қыркүйек 2008
  • 440
Фото - Caravan.kz

С.П. Королев атындағы «Энергия» ғарыштық-зымыран орталығы мен Федералдық «Байқоңыр» ғарыштық орталығының мамандары № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында ғарыш кемесінің дербес және кешенді сынақтарын жүргізді.

Кеше ғарыш кемесі пилотты кемені Халықаралық ғарыш станциясына түйістіретін «Курс» жүйесін тексеру үшін жаңғырықсыз камераға жеткізілді.

Тексерулер аяқталғаннан кейін, кеменің герметикалық қасметтері тексеріліп, қозғалтқыш құралдарын отынмен толтыру дайындықтары жүргізілетін болады.

Халықарлық ғарыш станциясына ғарышкерлер экипажын жеткізетін «Союз ТМА-13» ғарыш кораблі 2008 жылдың 12 қазанында ұшырылады.

Қазір Жұлдыздар қалашығында 18-ші негізгі экспедицияның негізгі экипажы ғарыштық сапарға дайындалуда. Экипаж құрамында Ресей ғарышкері Юрий Лончаков, американдық астронавт Эдвард Майкл Финк пен ғарыштық турист, 15-ші экспедицияның ғарышкері, АҚШ азаматы Ричард Гэрриот бар.

Ұшырылым алдындағы дайындықтың соңғы кезеңінен өту үшін негізгі және қосалқы экипаж Байқоңыр ғарыш айлағына қыркүйектің басы мен қазанның ортасына таман келеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар