Жарияланды: 940

Байқоңырда "Союз-У" зымыраны мен "Прогресс М-01М" жүк кораблі ұшырылым кешеніне орнатылды

Байқоңыр. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - Байқоңырда "Союз-У" зымыраны мен "Прогресс М-01М" жүк кораблі ұшырылым кешеніне орнатылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Бүгін таңертеңгі сағат 7.00-де "Союз-У" зымыран тасығышы темір жол платформасымен №112 алаңның монтаж-сынақ корпусынан ұшырылым кешеніне жеткізіліп, №1 алаңның ұшырылым "үстеліне" тік күйінде орнатылды. "Союз-У" зымыран тасығышын ұшырылым "үстеліне" орнату туралы шешімді кеше, 23 қарашада ұшырылымға дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады. Зымыранға қызмет көрсету фермалары жеткізілді. Ғарыш айлағының мамандары бірінші ұшырылым күнінің кестесі бойынша жұмысқа кірісіп, жер үсті кешенін зымыранмен түйістіруде. Түйістіру жұмыстарынан кейін зымыран тасығыш пен ғарыш аппаратының жүйелері тексеріле бастайды. Ұшырылымға дейінгі екі тәулік ішінде ғарыш айлағының мамандары ұшырылым кешені мен зымыран тасығыш жүйелерін түпкілікті тексеруден өткізеді. "Прогресс М-01М" жаңа, төрт жүзінше сериялы "Прогресске" жатады. Корабльде заманауи сандық есептегіш машина ЦВМ-101 мен сандық шағын көлемді ақпараттық телеметриялық жүйе орнатылған. "Прогресс М-01М" жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тонна жүк: азық-түлік, отын мен ғылыми жабдықтар жеткізеді. "Прогресс М-01М" жүк кемесі "Союз-У"зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 26 қарашасында Астана уақытымен 18 сағат 38 минутта ұшырылады деп жоспарланған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін