Байқоңырда «Зенит» зымыранының ұшу кешені 2015 жылдың қаңтар айында Қазақстан меншігіне өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда «Зенит» зымыранының ұшу кешені 2015 жылдың қаңтар айында Қазақстан меншігіне өтеді

Байқоңырда «Зенит» зымыранының ұшу кешені 2015 жылдың қаңтар айында Қазақстан меншігіне өтеді

Байқоңырда «Зенит» зымыранының ұшу кешені 2015 жылдың қаңтар айында Қазақстанның меншігіне өтеді,

  • 23 Маусым 2014
  • 539
Фото - Caravan.kz

деп Қазғарыш төрағасы Талғат Мұсабаев мәлімдеді.

«Зенит-М» ұшу кешенінің нысандарын Ресей Федерациясының жалға алу құрамынан шығарып, Қазақстанға өткізіп беру 2015 жылы қаңтарға белгіленген», — деп ол бүгін мәжілісте өткен үкімет сағатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл желтоқсан айында қазақстандық ұйымның 49 қызметкерінің «Зенит» кешені жүйелері мен агрегаттарын пайдалану ерекшеліктерін практикалық үйренуді аяқтамақ.

Қазақстан KazSat-3 спутнигін биыл қыркүйекте қабылдайды


Бұл туралы Қазғарыш төрағасы Талғат Мұсабаев бүгін мәжілісте өткен үкімет сағатында мәлімдеді.

Т.Мұсабаевтың айтуынша, спутник 28 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған, ал 28 мамырда белгіленген орбитаға шықты.