Ақпарат көзінің хабарлауынша, М.Хруничев атындағы орталық мамандары 92-1 алаңының монтаж-сынақ корпусында Ресей Қорғаныс министрлігінің мүддесіне сай ұшырылатын «Космос» жер серігін алып ұшуға тиіс «Протон» зымыран тасығышын ұшыруға дайындала бастады.
«Космос» жер серігін алып ұшуға тиіс «Протон-М» зымыран тасығышы мен «Бриз-М» үдеткіш блогы желтоқсанның басында ғарышқа жол тартуға тиіс.
Бұл 2007 жылдың аяғына дейін ұшырылады деп межеленген үш «Протонның» екіншісі.
Таяу уақыттарда «Протон-М» зымыран тасығышы Sirius-4 ғарыштық аппаратын алып 18 қарашада ұшуға тиіс.
«Протон» ұшырылымдарының биылғы ең соңғысы 25 желтоқсанда «Протон-К» зымыран тасығышы үш бірдей «Глонасс-М» жер серіктерін алып ұшумен аяқталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті