Жарияланды: 460

Байқоңырда зымыран сынақшыларын еске алу күні өтті

Байқоңыр. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда бүгін 1960 және 1963-жылдары опат болған зымыран сынақшыларын еске алу күні өтті, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Әскерлер саябағындағы ескерткіштің жанында таңертең митинг өтіп, оған Байқоңыр тұрғындары мен қала қонақтары, қаза тапқан сынақшылардың туыстары, әскери оқу орындарының тыңдаушылары, оқушылар мен студенттер, қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың жетекшілері мен қызметкерлері жиналды. Митингіде сөз сөйлеген ғарыш айлағының жетекшілері мен қала тұрғындары қаза тапқан сынақшылардың ерлігіне бас иіп, рухына тағзым етті. Митингіден кейін қаза тапқан зымыран сынаушылардың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды. Сонымен бірге Жеңімпаз Георгий шіркеуінің діндарлары қаза тапқандардың құрметіне дұға оқыды. Естеріңізге сала кетейік, 1960-жылдың 24-қазанында Р-16 құрлықаралық баллистикалық зымыранды алғашқы ұшырылымға дайындау барысында зымыранның екінші кезеңінің қозғалтқыш қондырғысы кездейсоқ іске қосылу салдарынан 41-алаңның ұшырылым жасалатын бөлігінде зымыран жарылды. Соның салдарынан жүзден астам адам опат болып, жараланды. Апаттан зымыран әскерлері мен артиллерия маршалы Митрофан Неделин де мерт болды. Осыдан дәл үш жылдан кейін, 1963-жылы дәл осы күні 70-алаңда конструкторлық ұшу сынақтары кезінде оттегі шығу салдарынан ұшқыннан от тұтанып, лифт істен шығуға байланысты 8 әскери мен бір өнеркәсіп өкілі қаза тапты. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін