"Байқоңырдағы алтын күз" атты дәстүрлі карнавал салтанатты шерумен басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Байқоңырдағы алтын күз" атты дәстүрлі карнавал салтанатты шерумен басталады

"Байқоңырдағы алтын күз" атты дәстүрлі карнавал салтанатты шерумен басталады

20-қыркүйек, сенбіде Байқоңыр ғарыш айлағында "Байқоңырдағы алтын күз" атты дәстүрлі карнавал өтеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2003
  • 1543
Фото - Caravan.kz

Қала әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлауынша, мерекелік бағдарлама өткен жылдардағыдай карнавалдық шерумен басталады. Мерекенің күндізгі бағдарламасында балалар үшін көптеген байқаулар, әртістердің өнер көрсетулері, карнавал ханшайымын таңдау, көкөністер мен жеміс-жидектердің және олардан жасалған тағамдардың көрме-жәрмеңкесі, ғарыш кешені басшылары мен қала қонақтарының құттықтау сөздері, түрлі номинациялар бойынша карнавал жеңімпаздарын анықтау, марапаттау шаралары жоспарланған. Карнавал ханшайымымен бірге биыл тұңғыш рет карнавалдың Королі де іріктелгелі отыр. Бұл күні қаланың стадиондары мен спорттық алаңдарында стритбол, гір көтеру спорты және мини-футболдан жарыстар өтеді.

Ал, кешке «Байқоңырдың алтын күзі-2003» фестивалінің жаңадан таңдалған ханшайымы қаланың орталық алаңында өзінің мерекелік думанын өткізеді.
Карнавал қалалық саябақтағы біріккен карнавалдық концертпен аяқталады.
«Байқоңырдағы алтын күз» атты дәстүрлі карнавал биыл 11-ші мәрте өткізілмекші.