Байқоңырдан «Метеор» спутнигімен «Союз-2.1б» зымыраны сәтті ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан «Метеор» спутнигімен «Союз-2.1б» зымыраны сәтті ұшырылды

Байқоңырдан «Метеор» спутнигімен «Союз-2.1б» зымыраны сәтті ұшырылды

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Метеор-М» нөмір 2-ші спутнигімен, ресейлік және шетелдік ғарыш аппараттарының алты кластерімен «Союз-2.1б» зымыран тасығышы ұшырылды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС Ресейғарыш баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 9 Шiлде 2014
  • 685
Фото - Caravan.kz


«Ұшыру 8 шілде күні Мәскеу уақытымен сағат 19.58-де Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші ұшыру кешенінде сәтті жүзеге асырылды», — деп хабарлады баспасөз қызметінен. 

«Метеор-М» 2-ші гидрометеорологиялық және мұхиттық қамтамасыз ету ғарыштық кешені болмақ. Ол ауа райына болжам жасау мақсатында жаһандық гидрометеорологиялық ақпараттарды жедел алуға, жер маңындағы ғарыштық кеңістіктегі радиациялық жағдайға және озон қабатына бақылау жасауға арналған.