Байқоңырдан "Зенит-3SLB" зымыран тасығышы AMOS-3 жер серігін алып табысты ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан  "Зенит-3SLB" зымыран тасығышы AMOS-3 жер серігін алып табысты ұшырылды

Байқоңырдан "Зенит-3SLB" зымыран тасығышы AMOS-3 жер серігін алып табысты ұшырылды

Байқоңыр. 28-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан "Зенит-3SLB" зымыран тасығышы AMOS-3 жер серігін алып табысты ұшырылды, деп хабарлайды агенттік ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 28 Сәуiр 2008
  • 399
Фото - Caravan.kz

AMOS-3 жер серігі есепті параметрлі мақсатты орбитаға шығарылып, тапсырыс берушінің басқаруына берілді.

Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған үш сатылы «Зенит-3SLB» зымыран тасығышын 2008 жылдың 24-сәуірінде №45 алаңның модернизацияланған ұшырылым алаңынан Астана уақытымен 11 сағатта ұшырылды.

Ұшырылым циклограммасына сәйкес, AMOS-3 ғарыш аппараты ДМ-3SLB үдеткіш блогымен зымыран тасығыштың соңғы сатысынан бөлініп, көрсетілген параметрлі есепті орбитаға шығарылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған «Зенит-3SLB» зымыран тасығышының ұшырылымы бұған дейін 24-сәуірге белгіленген болатын, бірақ ол техникалық себептермен 26-сәуірге, сосын қайта 28-сәуірге шегерілді.

Зымыран тасығыштың алдағы ұшырылымы «Жер үсті ұшырылымы» деп аталатын жаңа халықаралық бағдарламаның аясында жүзеге асырылады. «Sea Launch» («Теңіздегі ұшырылым») бағдарламасы бойынша Odyssey теңіз платформасынан жасалатын ұшырылымдар кезінде пайдаланылатын «Зенит-3SL» зымыран тасығышын ұшыру үшін ғарыш айлағында №42 алаңдағы монтаж-сынақ корпусы мен №45 алаңдағы ұшырылым кешені реконструкцияланды.

Ұшырылым Израиль мемлекеті құрылуының 60 жылдығына арналған. Осы оқиғаға орай «Зенит» зымыран тасығышының обтекателіне Израильдің 60 жылдығының логотипі орнатылды.

Amos-3 жер серігі орбитада 1996 жылы ұшырылған Amos-1 аппаратын алмастыруға тиіс. Amos-3 Ku-диапазондағы ретрансляторлардың таралу аймағын кеңейтіп, Таяу Шығыс, Еуропа, Африка мен Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір аудандарында жоғары сапалы байланыс пен мәліметтер жіберуді қамтамасыз етеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті