Бүгін Астана уақыты бойынша 12.44 «Юбилейный» аэродромына ресейдің «Полет» әуе компаниясының АН-124-100 «Руслан» ұшығымен «Бриз-М» үдеткіш блогы жеткізілді.
Үдеткіш блогы қосымша құрылғыларымен бірге осы тәулік ішінде № 92 монтаждау-сынақ корпусына жеткізіледі. Одан кейін «Бриз-М» 92А-50 монтаждау-сынақ корпусының стендіне орнатылады.
Осыдан кейін Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық, ғылыми-өндірістік орталығының мамандары 92А-50 монтаждау-сынақ корпусының № 101 залында «Бриз-М» үдеткіш блогын автономды түрде дайындауға кіріседі.
«Бриз-М» үдеткіш блогы америкалық «АМС-14» телекоммуникациялық спутнигін геостационарлық орбитаға шығаруға арналған. Байқоңырдан «АМС-14» ғарыш аппаратын «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен ұшыру 2008 жылдың 15-наурызына межеленген. «АМС-14» телекоммуникациялық спутнигін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы әзірлеген. Спутник 32 транспондермен жабдықталған және Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз ететін болады. «АМС-14» телекоммуникациялық спутнигі 15 жыл пайдалануға есептелген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті