Байқоңырға "Прогресс М-66" жүк кораблі жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырға "Прогресс М-66" жүк кораблі жеткізілді

Байқоңырға "Прогресс М-66" жүк кораблі жеткізілді

Байқоңыр. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға "Прогресс М-66" жүк кораблі жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарышщ айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 26 Қыркүйек 2008
  • 406
Фото - Caravan.kz

Бүгін Төретам бекетіне Мәскеу түбіндегі Королев қаласынан темір жол құрамы келді, ол ғарыш айлағына «Прогресс М-66» жүк кемесін жеткізді.

Кедендік рәсімдеуден кейін құрам айлақ ішіндегі темір жолмен ғарыш айлағының №254 алаңына жеткізіледі, онда ғарыш кемесінің ұшырылым алдындағы дайындығы жүргізіледі.

«Прогресс М-66» жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына 12-ші қазаға ұшырылатын 18-ші экспедицияның экипажына арнап азық-түлік, отын мен ғылыми жабдықтар жеткізеді.

«Прогресс М-66» жүк кемесі «Союз-У» зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың қарашасында ұшырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар