"Кедендік процедуралар өткен соң кеме тиелген құрам ғарышжайдың 254-ші алаңшасына жеткізілді", деді "Интерфакс-Қазақстанға" ғарышжайдағы дереккөз.
"Союз ТМА-15М" кемесімен "Союз-ФГ" зымыранын 24-қараша күні ұшыру көзделген. Халықаралық ғарыш станциясына кемемен МКС-42/43 экипажы ұшырылады.
Екі экипаж дайындалуда, негізгі құрамда ресейлік Антон Шкаплеров, еуропалық астронавт Саманта Кристофоретти және америкалық Терри Вертц. Дублерлері: ғарышкер Олег Кононенко, жапон астронавты Кимия Юи және АҚШ астронавты Челл Линдгрен.
Экипаж станцияда жарты жыл жұмыс істеп, Жерге 2015 жылы көктемде оралуға тиіс.