Жарияланды: 140

Байқошқарова: бедеуліктен емделуге бөлінетін квота санын 10 есе арттыру керек

Байқошқарова: бедеуліктен емделуге бөлінетін квота санын 10 есе арттыру керек

Репродуктивті медицина бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция кезінде Ecomed емханалар желісінің ғылыми директоры, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова бедеуліктен емделуге бөлінетін мемлекеттік квота санын он есе арттыру керек деп мәлімдеді.

Бұл туралы Sputniknews хабарлайды. 

Дәрігердің айтуынша, қазір Қазақстанда жыл сайын 900 квота бөлінеді. Бірақ жартысы ғана бедеуліктен айығып, бала көтеруге септігін тигізеді.

"Қазақстанда бедеуліктен емдеу баяғыдан жүргізіліп келеді, бірақ медицина ғылымының бұл саласы қарыштап дамып келе жатқандықтан, жаңа ұстанымдар мен әдістер пайда болып жатыр. Бедеуліктен емдеуге ұзақ уақыт кететіндіктен, отандық мамандар бұл салада біліктіліктерін арттыру керек", — дейді Байқошқарова.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін