Жарияланды: 250

«Бәйтеректің» жанында болған атысқа қатысты тың деректер пайда болды

Астанада тура «Бәйтеректің»  маңында болған  атысқа қатысты тың деректер айтылды. Қаланың қақ ортасында  қарулы қылмысты ұйымдастырған басты күдікті тергеу абақтысынан бостандыққа шығып кетіпті. Бүгін бұл іске қатысты сот отырысы өтті.

Оқиға былтыр болған. Тал түсте «Бәйтеректің» жанында кәсіпкер Олжас Мұқажанов пен қасындағы досына медициналық бетперде киген екі жігіт травматикалық тапаншадан оқ жаудырады. Он рет атылған оқтың алтауы кәсіпкердің басы мен арқасына тиген. Бұл оқиғаға қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалып, бір жарым жыл тергелді. 36 жастағы кәсіпкерге оқ атқан күдіктілердің бірі  – Камил Ибишев. Оны өлтіруге тапсырыс берген бұрын бизнес серіктесі болған Ерлан Анарбек екен. Ол Қауіпсіздік кеңесінде инспектор болып істеген. Қазір «ірі көлемде ақша бопсалады» деген күдікпен халықаралық іздеуде жүр. Ал қылмысты ұйымдастырған  басты күдікті Мұрат Садыровты полицейлер қамауға алғанымен, қайтадан жібере салыпты.

Олжас Мұқажанов, жәбірленуші:

- Ішкі істер министрлігі оқ атқан екі күдіктінің айтқандарына сүйеніп Мұрат Садыровты қылмысты ұйымдастырушы ретінде уақытша тергеу абақтысына 2 айға қамау туралы қаулы шығарған. Куәгерлер де бар. Бірақ, неге екені белгісіз, Садыров 72 сағаттан соң бостандыққы шықты. Бұған қатысты қалалық прокуратураға шағым жаздым. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін