Өз кезегінде атышулы бикештің сынына Алмас Алтай жауап берді, деп жазады Stan.kz.
“Қазір таңғы сағат 5, “Өз ойым” бағдарламасының тележүргізушілерін ойлап таңғалып отырмын. Бұл кісілердің эфирге қалай келгенін білуге бола ма? Біріншіден, жүргізуші ер адам “гей” және “қатын” сөздерін жиі қолданатын “гомофоб”. Екі ауыз сөздің басын құрай алмайды, мұрын астынан сөйлейді, өзін қазақтың батыры санайды, қалай? Ол жерге қалай келдің? Ол аузын аша бастағаннан есірігім ұстап, қашан аузын жабады деп күттім.
Жүргізуші әйелге келсек, бұрыннан танымал екен, бірақ ешқандай да этика жоқ. Қалайша әлі күнге дейін ұлттық телеарнада жүр? Бұл сіздерге инстаграм парақшасы емес, телеарна. Келген қонақты арандатып, оны агрессияға итермелейді. Кейін өзін ұстауды сұрайды. Неліктен келген қонақ сіздердің тілдеріңізде сөйлеу керек? Аудармашы беріңдер, не деген колхоз? Құрметті бағдарлама жүргізушілері, журналистикаға бас сұқпас бұрын, әдептілік үшін сөйлеп, өздеріңізді ұстауды үйреніңіздер. Өз діндеріңіз бен тәрбиелеріңізді біреуге зорлап таңудың қажеті жоқ”, – дейді атышулы Байзақова.
Еске сала кетейік, бұл күні бағдарламаға қыз сияқты боянып, шаш жалғап алған қазақ жігіті келген еді.
Байзақованың жазбасы желіде жаппай талқыға салынды. Тіпті, мәселенің ушыққаны сонша, Алмас Алтай атышулы бикешке жауап беруге мәжбүр болды. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялап: “Ұқпадым”, – деп қысқа қайырды.
“…Сөйтсек, Алмас Алтай Байзақованы мүлде танымайтын болып шықты…”Рас! Танымаймын, бірақ, сондай адамның барын білетін едім.
Алайда, жеке басына, өміріне қызығып көрмеппін. Себебі, ақпараттық жүйе қалыптастырған бет-бейнесі тым лас еді. Әлбетте, ол таза организм болуы мүмкін, бірақ, мен үңілуге, зерттеуге тырысқам жоқ.
Тиісті. Негізі, мен кез-келген адамның пікіріне құрметпен қараймын және инстаграмм қолданушыларының қарғыстарына жауап беруді қажет деп таппаймын.
Ал, мына жайтқа бей-жай қарамауға жақындарым, жанашырларым көндірді!
“Жарайды, жауап берейінші” деп ойладым. Қарсыласымның нақты кім екенін де білмейді екем. Сүйтсем, бұ пенде біразға кетіп қалған кісі екен ғой. Ютубтан видеоларын көріп айтарға сөз таппадым. Бар тапқан сөзім осы видеодағы болды.
“Өз ойым” парақшасында “Алмас оны қалай танымайды” деп жатыр екен біреулер. Елдің бәрі танитындай кім ол? Дженифер Лопес пе, Криштианудың әйелі ме, әлде Жанкелді Қаржан ба?” – дейді Алмас Алтай.