Байзақова мен Шырынды эфирге шақырғаным үшін әріптестерім де, халық та мені жек көріп кетті - Дина Төлепберген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байзақова мен Шырынды эфирге шақырғаным үшін әріптестерім де, халық та мені жек көріп кетті - Дина Төлепберген

Байзақова мен Шырынды эфирге шақырғаным үшін әріптестерім де, халық та мені жек көріп кетті - Дина Төлепберген

Белгілі тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген өзі туралы бар шындықты жазды. 

  • 17 Қаңтар 2019
  • 1849
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы журналисттің желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Айжан Байзақова, Шырын Нарчаева сынды Астарлы ақиқаттың қонақтарынан кейін мені сынап, тіпті жек көріп кеткені туралы жазып жатқан жандар аз емес. Олардың арасында әріптестерім де бар. Жүрегіме ауыр тиіп отыр. Бірақ менің ешкімге өкпем жоқ. Сірә, өзін ақтау үшін біреуді кемсітуден артық әдіс жоқ шығар.

Мен бұл тақырыпты қозғамайын деп едім. Бірақ бүгін кешке бір жағдай болды. Жаңалықтарды жүргізіп болып, үйіме жиналып жатыр едім. Бір қыз телефон шалды. Даусы дір –дір етеді. Қатты қобалжып тұрғанын сездім. Бірақ бар күш-жігерін жұдырыққа жинағандай боп, көкейін өртеп жатқан сұрағын қатал қойды: «Мен биыл мектеп бітіремін. Сіз сияқты журналист болуды бала кезден армандап жүріп едім. Бірақ бүгінгі Астарлы ақиқатты көріп, жылап отырмын. Неге олай жүргіздіңіз? Маған түсіндіре аласыз ба?»

Үнсіздік. Байланысты үзе салайын ба деп ойладым. Неге мен бейтаныс біреуге жауап беруім тиіс,ә? Бірақ өйте алмадым. Неге екенін білмеймін, түсіндірейін дедім. Ал тыңдаңыз:

«Мен журналистпін. Осы кәсіптің нанын жеп жүргеніме 18жылдан асып барады. Сіз үшін тап қазір надан болсам да, мен өз кәсібіме адалмын. «Журналисттік этика» нормасының негіздерін сақтау – парызым. Бұл дегеніміз не?

Ең бірінші, және ең басты принцип – журналист ешқашан өзінің эмоциясына жол бермеуі керек! 18жылдың ішінде мен бірнеше сұқбат алып үлгеріппін. Кейіпкерлерімнің арасында биліктегілер де, биліксіздер де, батырлар да, террористер де, қанды қол қылмыскерлер де, педофилдер де болды. Бірақ мен ешқашан оларды бөліп қараған емеспін. Мен үшін олардың бәрі — АДАМ. Дәрігер соғыс майданында жараланған сарбазды көріп, «сен фашистсің бе?» деп сұрап тұрмайды ғой… Сол сияқты журналист те. Әрине, жүрегім қан жылаған кездер болған. Әсіресе алдымда педофил отырғанда. Бірақ эмоцияма ерік берсем, айыптап, сөге берсем, сұқбат шығады ма? Ал менің парызым ақпарат алу емес пе?! Кейіпкерімнің сөйлеуі үшін мен оны түсінуім керек. Өзімді оның орнына қоя білуім керек. Ол маған сену керек. Сана мен сезім құлпын ашуы керек. Қылмыскердің де қоғамға сабақ болар өз оқиғасы бар. Оны халыққа жеткізу — журналист ретінде маған жүктелген аманат. Мен әрдайым осы принциппен жұмыс істеймін. 

Екінші принцип – журналист сот емес. Менің ешкімді қылмыскер не кінәлі деуге құқым жоқ. Менің міндетім – ақиқатты табу. Істі сотқа жеткізу. Жемқорды жазалау. Халықты ояту. Қоғам назарын бұру. Айтқандай-ақ, бүгін ұлттық құндылықтарымызды қорғайтын заңның жоқ екенін депутаттарымыз мойындады. 

Әгәр әки, Айжан мен Шырын студияма келгенде өзімді басқаша ұстасам, қазір Сіздің қотырыңызды қасыған супер жұлдыз болып кетер едім. Бірақ кешіріңіз, мен ЖУРНАЛИСТПІН».

Әлгі телефон шалған қыз «Сізді түсіндім, рақмет» деп байланысты үзді. Осы оқиғадан кейін Сіздерге де осы постты жазуым керек деп шештім. Ақиқатым осы", деп жазды Дина Төлепберген.

Оқырмандар тележүргізушіні қаралауын қояр емес:

 

 

Соңғы жаңалықтар