БАҚ: Путин оқтан қорғайтын кеудеше киеді, ал оның несеп-нәжісі арнайы шабаданға салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БАҚ: Путин оқтан қорғайтын кеудеше киеді, ал оның несеп-нәжісі арнайы шабаданға салынады

БАҚ: Путин оқтан қорғайтын кеудеше киеді, ал оның несеп-нәжісі арнайы шабаданға салынады

The Moscow Times газеті оны іс-шараларда жақыннан көрген адамдардың сөзіне сүйенген.

  • 6 Маусым
  • 61
Фото: ашық дереккөз

Газет Путиннің қауіпсіздік қызметі Словакия премьер-министрі Роберт Фицо жараланғандай оқиғалардан қауіптенетінін жазған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы «Әшкере» телеграм арнасына сілтеме жасап.

Айталық 9 мамырдағы шеруде түсірілген видеода Путиннің пальтосының ішінде оқ өткізбейтін кеудеше бар дейді көрген-білгендер.

Басылым тілшілері Путинге тағы кімдерден қауіп төнуі мүмкін екенін де жазыпты. Мысалы Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың Путинді тұтқындауға ордер бергені және радикал исламистердің шабуыл жасау ықтималдығы оған қатер төндіріп тұр екен.

Ал екі жыл бұрын батыстық БАҚ зерттеуінде ФСО қызметкерлері Путиннің несеп-нәжісін арнайы пакетке жинап алып, шабаданға салып Ресейге алып кететінін жазған.

Мұның себебі, Путиннің денсаулық жағдайы мен ауруының бар-жоғын жасыру дейді тілшілер.